VI тapay. ҰЛПА ТУРАЛЫ ІЛІМ
Жалпы гистология
Жер жүзіндегі органикалық дүниенің эволюциялық дамуы белгілердің
ажырау (белгілер дивергенциясы) заңдылығымен жүріп, осының нəтижесінде
қазіргі таңда, жануарлар əлемінде шығу тегі бір жануарлардың көптеген
түрлері өмір сүріп, тіршілік етіп жатыр. Жануарлар организмін құрайтын
түрлі ұлпалардың біртекті жасушалардан дамуы да, осы белгілердің ажырау
зандылығына бағынады. Ұрықтың біртекті бластомерлерінен əртекті түрлі
ұлпалардың дамуы мен жетілуін жете зерттеп, орыс ғалымы Н. Г. Хлопин
"ұлпалардың дамуы дивергенциясы теориясының" негізін қалап, оны одан əрі
дамытқан.
Эволюциялық дамудың нəтижесінде белгілері жағынан əлде-қашан бір-
бірінен ажырап, ешқандай да үқсастығы жоқ жануарлар организмдеріндегі
ұқсас қызметтер атқаратын ұлпалардың құрылысы бір-біріне ұқсас келеді
екен. Бұл зандылықты зерттеген орыс ғалымы А. А. Заварзин ұлпалардың
дамуындағы "параллельдік қатарлар теориясын" жасаған.
Жануарлар организмі ұлпаларының (тканьдерінің) даму процесі —
Достарыңызбен бөлісу: |