Эпителий ұлпасы (жабынды ұлпа)
Эпителий ұлпасы — жануарлар филогенезінде жабынды ұлпа ретінде
көпжасушалы организмдегі ең алғаш дамып жетілген құрылым. Ол
жануарлар организмін сыртынан қаптап, дене жəне сірлі қуыстар мен
түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің
ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, шекаралық орын алады.
Сөйтіп, ол тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса эпителий ұлпасы организмдегі көптеген бездердің паренхимасын
түзіп, тірі организмдегі түрлі зат алмасудың жүруіне керекті бөлінділер
(секрет, гормон т.б.) бөледі. Денедегі орналасу орны мен атқаратын
қызметіне байланысты эпителий ұлпасы үлкен екі топқа: жабынды жəне
безді эпителийге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |