Нейтрофилді (гетерофилді) миелоциттердің мөлшері 12-18 мкм.
Олардың цитоплазмасында азур сүйгіш дəншелермен қатар, екіншілік
арнайы дəншелер пайда болады. Ядроларының пішіні сопақ, не дөңгелек
келеді. Барлық жасуша органеллалары болады. Бірақ, митохондриялардың
саны аздау. Эндоплазмалық тордың пішіні көпіршік тəрізді, олардың сыртқы
жағында рибосомалар орналасады. Цитоплазмада бос рибосомалар да
кездеседі.
Миелоциттер
митоз
арқылы
бірнеше
рет
бөлініп,
метамиелоциттерге айналады. Метамиелоциттер (егер қанга шығарылса,
онда бұлар балгын нейтрофилді лейкоциттер — деп аталады) болінбейді.
Метамиелоциттердің
ядролары
лобия
тəрізді
болып
келеді,
цитоплазмаларында екіншілік арнайы дəніпелер көптеп түзіледі. Пісіп
жетілген сайын, метамиелоциттердің ядроларының пішіні имек таяқ тəрізді
болып өзгеріп, арнайы дəншелердің саны көбейеді. Бұларды таякша ядролы
Достарыңызбен бөлісу: |