Дəнекер ұлпаларының жасушааралық затын негізгі пішінсіз
(аморфты) зат жəне коллаген, эластин, ретикулин талшықтары құрайды.
Коллаген жəне эластин талшықтарын фибробласттар, ал ретикулин
талшықтарын
ретикулоциттер
жасайды.
Коллаген
талшықтары
тропоколлаген белогінің молекулаларынан құралған. Олар борпылдақ
дəнекер ұлпасында əр түрлі бағытта бір-бірімен торлана орналасып, тіректік
қызмет атқарады. Коллаген талшықтарын қайнатқанда жануарлар желіміне
айналады. Коллаген талшықтары бұлшық еттер сіңірлері мен буын
байламдарын, тері қабаттарын құрайды. Эластин талшыктарын серпімді
қасиеті бар эластин белогі түзеді. Олар коллаген талшықтарына қарағанда
жіңішке болып келеді. Борпылдақ дəнекер ұлпасында эластин талшықтары
коллаген талшықтары аралығында торлана орналасып, созылып жəне
бұрынғы қалпына келіп, серпімділік қызметін атқарады. Ретикулин
(аргирофилді) талшықтары химиялық құрамы мен құрылысы жағынан
коллаген талшықтарына ұқсас. Айырмашылығы, олар коллаген талшықтары
127
сияқты ірі шоғыр будалар түзбейді. Негізгі аморфты зат — борпылдақ
дəнекер
ұлпасының
жасушалары
мен
талшықтары
аралықтарында
орналасқан пішінсіз мөлдір құрылым. Оның құрамына қан белоктары,
гормондар, амин қышқылдары, қант, су тағы басқа заттар кіреді. Аморфты
зат арқылы ұлпа сұйығы үздіксіз қозгалыста болып, ағып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |