жасушалардың
аймақтық негізі (матриксі) — деп атайды. Ал хондроциттерден оксифилді
(қызыл түске) боялып, олардан шалғай жатқан жасушааралық заттың
аймағын аймақаралық негіз — дейді. Гиалинді шеміршек ұлпасының
жасушааралық затын гликозамингликандармен желімделген коллаген
талшықтары құрайды. Коллаген талшықтары мен гликозамингликандардың
сəулелерді
сындыру
көрсеткіштері
бірдей
болғандықтан,
гиалинді
шеміршектің жасушааралық заты біркелкі мөлдір болып келеді. Сондықтан,
ұлпа гиалинді (грек, hyalinos — мөлдір, шыны тəрізді) шеміршек — деп
аталады. Гиалинді шеміршек мұрын қуысының шеміршек пердесін, көмекей,
кеңірдек, бронхтар, төссүйек, қабырғалар шеміршектерін түзіп, тіректік жəне
131
қорғаныс қызметтерін атқарады. Гиалинді шеміршек омырылғыш жəне морт
сынғыш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |