Гиалинді шеміршек сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршек
қаптың өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы талшықты қабатын тығыз
дəнекер
ұлпасы
құрайды.
Талшықты
қабат
шеміршек
ұлпасын
қоректендіретін қан тамырларына өте бай. Шеміршекқаптың ішкі қабатын
хондрогенді (шеміршек түзу) қабат - деп атайды. Хондрогенді қабат негізінен
жас шеміршек жасушалары — хондробласттардан тұрады. Бұл қабаттың
"шеміршек түзу қабаты" — деп аталуының себебі, хондробласттар
шеміршектің жасушааралық затын бөлу арқылы шеміршек ұлпасын түзеді.
Шеміршекқап
хондробласттары
шеміршек
ұлпасын
түзе
отырып,
шеміршектің қалындап өсуін қамтамасыз етеді. Қызметі тоқталған
хондробласттар, сол өздері жасаған шеміршектің жасушааралық заты
аралығында қалып, хондроциттерге (шеміршек жасушаларына) айналады.
Шеміршекқаппен жанасқан шеміршектің шеткі жағында пішіні сопақ ұршық
тəріздес ұзынша келген жас шеміршек жасушалары — хондробласттар
орналасады.
Олардың
цитоплазмалары
базофилді
боялады.
Себебі,
хондробласт цитоплазасында шеміршек ұлпасының жасушааралық затының
негізін құрайтын белоктарды белсенді түзуге маманданған гранулалы
эндоплазмалық тор жəне Гольдж кешені жақсы жетілген. Шеміршек
ұлпасының шеткі жағынан ортасына қарай жылжыған сайын, хондробласттар
пішінін өзгертіп сопақтанып, одан əрі дөқгеленіп, хондроциттерге айналады.
Бөліну арқылы көбейген 3-4 хондроциттер бір-бірінен ажырамай, сыртқы
жағынан ортақ қабықпен қапталып, хондроциттердің изогенді (біртекті)
топтарын жасайды. Олар жасушааралық затқа қышқылды реакциялы
гликозамингликандарды шығарып, хондроциттердің изогенді топтарының
сыртқы жағындағы жасуша аралық заттың базофилді (көкшіл түске)
боялуына ықпалын тигізеді. Біртекті хондроциттер топтарының сыртындағы
базофилді
боялған
жасушааралық
заттың
аймағын
Достарыңызбен бөлісу: |