4. Жарық микроскопымен зерттеуге дайыңдалған кесіктерді бояу.
Зерттелеұлпа материал үлпалары мен жасушаларының гистологиялық
құрылымдарын бір-бірінен ажыратып, оларды дəл анықтау үшін, зерттеудің
мақсатына байланысты алынған кесіктерді арнайы бояулармен бояйды.
Жануарлар организмдерінің мүшелері, ұлпалары, жасушалары құрамындағы
ұсақ микроскопиялық құрылымдар (микрокұрылымдар) өздерінің физикалық
қасиеттері мен химиялық құрамына сəйкес əр түрлі бояулармен боялады.
Гистологиялық препараттардың микроқұрылымдары құрамындағы заттарды
бояйтын бояуларды, олардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттеріне
байланысты: қышқылдық, негіздік жəне арнайы бояулар деп, үш топқа
бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |