Ет ұлпалары
Ет ұлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-
қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті
(қаңқа бұлшық еттері) жəне еріксіз (ішкі мүшелері мен тамырлар
қабырғаларындағы
етті
қабықтар
мен
қабаттар)
салыстырмалы
қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет ұлпаларының жиырылу, ширығу,
босаңсу сиякты қызметтері жүйке ұлпасының қызметімен тікелей
байланыста жүреді жəне жүйке ұлпасының басшылығымен іс жүзіне асады.
Ет ұлпалары өкілдерінің ортақ белгілері — олардың ұқсас эмбриондық
жасушалар — миобласттардан дамуы жəне ет жасушалары (миоциттер) мен
ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы
органеллалар — миофибриллалардың (белокты жіпшелер) болуы. Актин
жəне миозин белоктары молекулаларынан құралған миофибриллалардың
жиырылу процесі аталмыш белоктар молекулаларының өзара əсерлесуі
нəтижесінде жəне басқа да белоктар мен кальций ионының қатысуымен
жүреді. Жиырылу — қуатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс.
Сондықтан, миоциттер мен ет талшықтары цитоплазмасында энергияның
алмасуын қамтамасыз ететін цитологиялық құрылымдар (митохондриялар,
гликоген, миоглобин) көптеп кездеседі.
Құрылысына, қызметіне, шығу тегіне жəне орналасу орнына
байланысты ет ұлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты
жəне арнайы жиырылғыш ет ұлпалары болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |