бездердің бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерін сыртынан себет тəрізді қаптап
141
бөліндінің бездердің шығару өзектеріне бөлініп шығарылуын қамтамасыз
етеді. Бұл процесті миоэпителиоииттер цитоплазмаларындағы жиырылғыш
белоктардан құралған миофиламенттер іс жүзіне асырады. Қалған арнайы
жиырылғыш ұлпалардың құрылысы бірыңғай салалы жолақсыз ет ұлпасына
ұқсас. Олар еріксіз жиырылатын миоциттерден тұрады.
Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан, көлденең жолақты бұлшық ет
ұлпасы мезодерманың миотомынан, көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы
мезодерманың спланхнотомынан, миоэпителиоциттер мен көздің нұрлы
қабығының миопигментоциттері жəне көз қарашығын тарылтқыш миоциттер
эктодермадан дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: