Морфология



Pdf көрінісі
бет258/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

пластинкалық денешіктер. Пластинкалық денешікте сезімтал нейроциттер 

дендриттерінің  соңғы  жүйке  тармақтары  сыртынан  сезгіш  глиялық 

жасушалармен  қапталып,  денешіктің  ішкі  баданасын  түзеді.  Ішкі  бадана 

сыртынан қосымша қабаттасқан дəнекер ұлпалық пластинкалардан құралған 

қапшықпен қапталған. Дəнекер ұлпалық пластинкаларды фибробласттар мен 

коллаген  талшықтарының  шоғырлары  құрайды.  Ішкі  бадана  мен  сыртқы 



қапшық  аралығында  орналасқан  жүйкелік  глиоциттер,  дендриттердің 

біліктік  цилиндрлері  соңғы  тармақтарымен  синапс  арқылы  байланыс  түзеді. 

Пластинкалық  денешіктер  ұлпалардағы  қысымды  қабылдайды.  Олар  ішкі 

мүшелер  қабырғаларында,  тірек-қимыл  аппараты  мүшелерінің  дəнекер 

ұлпалық аралықтарында, лимфа түйіндерінде эндокринді бездерде кездеседі. 

Пластинкалық  денешіктердің  мөлшері  жануарлардың  түрлеріне  жасына, 

орналасқан  мүшелеріне  байланысты  0,1  мм  -ден  6  мм  -ге  дейін  өзгеріп 

отырады. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет