77 — сурет. Қозғалтқыш жүйке ұшы
А - бүйірінен қарағандағы көрінісі (а — жəне в — миелинді жүйке талшығының
ұштары, с — миелинді жүйке талшығы, d — бұлшық ет талшығы, е — бұлшық ет
талшығьшың ядросы); Б — жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісі (а — миелинді жүйке
талшығы, в — миелинсіз жүйке талшығы, с — қозғалтқыш түймешеден шығып, басқа
түймешеге бағытталған жүйке талшығы)
Нейроциттер аралық байланыстардың соңғы аппараттары немесе
нейроциттер аралық синапс. Жүйке толқындары (импульстері) бір
нейроциттен екінші нейроцитке, болмаса орындаушы мүшелерге түйісіп
жанасу синапс (лат. sinapsis — байланыс) арқылы бір бағытта беріледі.
Нейроциттер бөліктерінің бір-бірімен өзара немесе орындаушы мүшелермен
жанасып байланысуының сипатына қарай, синапстың бірнеше түрлері
ажыратылады: 1. аксо-дендриттік синапс — бір нейроциттің аксоны екінші
нейроциттің дендритімен жанасып байланысады, 2. аксо-сомалық синапс —
бір нейроциттің аксоны екінші нейроципің денесімен (перикарионымен)
байланысады, 3. аксо-аксондық синапс — екі нейроцит аксондары өзара
жанасып байланысады, 4. дендро-сомалық синапс — бір нейроцит дендриті
екінші нейроцит денесімен байланысады, 5. дендро-дендриттік синапс —
екі нейроциттер дендриттері өзара байланысады. Бір нейроцит өсінділерінің
өзі көптеген синапстар түзеді. Мысалы, мишықтың бір алмұртша нейроциті
аксонының соңғы ұштары басқа нейроциттер бөліктерімен 200 мындай
байланыстар түзетіндігі ғылыми тəжірибелер арқылы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |