Морфология


Орын  мен  материалды  үнемдеу  заңы



Pdf көрінісі
бет270/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   1132
Орын  мен  материалды  үнемдеу  заңы.  Жануарлар  организмдерінің 

тіршілігіне  тым  қажет  мүшелер  мен  мүшелер  жүйелері  құрылысы  үнемді, 

көлемі  шағын  болып  келеді.  Бұл  заңдылықты  орталық  жүйке  жүйесі 

мүшелерінің, 

жүректің, 

бүйректің, 

бауырдың 

құрылыстары 

мен 

қызметтерінен байқауға болады. 



Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтары: 

1.  Бірбіліктілік  (лат.  monaxonia  —  біросьтік,  бірбіліктілік)  немесе  екі 

ұштылық  (биполярлық)  заңдылығы.  Жануарлардың  дене  мүшелері 

омыртқа  бағанасын  бойлай  бассүйектен  қүйрыққа  қарай  өтетін  бір  біліктің 

(осьтің) бойында орналасады. Дене білігінің бір-біріне қарама-қарсы бағытта 

жатқан  екі  ұшы  болады.  Оның  алдыңғы  ұшында  бассүйек  (лат.  cranium),  ал 

артқы ұшында құйрық (лат. cauda) орналасады. Осыған байланысты дененің 

алдыңғы  жағына  қараған  бағыттарды  краниальды,  ал  оның  артқы  жағына 

қараған бағыттарды каудальды бағыттар — деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет