Морфология


Организм  мен  қоршаған  орта  біртұтастығы  туралы  заң



Pdf көрінісі
бет269/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   1132
Организм  мен  қоршаған  орта  біртұтастығы  туралы  заң.  Тірі 

организм  белгілі  бір  ортаға  бейімделген  жағдайда  ғана  тіршілік  ете  алады. 

Демек,  тірі  организм  мен  оны  қоршаған  орта  біртұтас.  Организм  мен 

қоршаған ортаның байланысын жүйке жүйесі іс жүзіне асырады. 



Пішін  мен  қызмет  біртұтастығы  туралы  заң.  Организмдегі  əрбір 

мүшенің пішіні мен құрылысы, оның денедегі орналасу орны мен атқаратын 

қызметіне тікелей байланысты. 

Тұқым  қуалаушылық  жəне  өзгергіштік  заңы.  Тұқым  қуалаушылық 

пен өзгергіштік барлық тірі организмдерге тəн жəне бір-біріне қарама-қарсы 

қасиеттер.  Тұқым  қуалаушылық  организмге  тəн  құрылыстық  жəне 

қызметтік  белгілердің  жасушалар  хромосомаларындағы  тендер  арқылы 

ұрпақтан  ұрпаққа  тұрақты  берілуін  қамтамасыз  етеді.  Қоршаған  ортаның 



154 

 

əсерлеріне  байланысты  жануарлар  организмдерінде  жаңа  белгілердің  пайда 



болуы өзгергіштік — деп аталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет