Морфология


VIII тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ



Pdf көрінісі
бет279/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

VIII тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ 

 

Тірек-кимыл  аппараты  жануарлар  организмдерінің  кеңістіктегі 

қозғалыстарын  (жүру,  жүгіру,  үшу,  өрмелеу,  секіру,  жүзу),  тыныштық 

жагдайындағы дене мүшелерінің салыстырмалы қимылын іс жүзіне асырады. 

Қ9рылысы тым күрделі тірек-қимыл аппараты бір-бірімен тығыз байланыста 




158 

 

қызмет атқаратын сүйектер жүйесі (қаңқа сүйектері, байламдар) мен бұлшық 



еттер жүйесінен құралған. Тірек-кимыл аппараты жануарлардың сыртқы дене 

(грек, soma) бітімі мен пішінін қалыптастырады. 

 

ҚАҢҚА 

 

Қаңқа  (сүйектер  жүйесі,  скелет)  —  бір-бірімен  өзара  белгілі  бір 

зандылықпен  байланысқан  қатты  мүшелер  —  сүйектер  мен  шеміршектердің 

жүйесі.  Қаңқаны  анатомияның  остеология  (грек,  os  —  сүйек,  logos  —  ілім) 

бөлімі  зерттейді.  Скелет  —  гректің  skeleton  (кебу,  сему)  деген  сөзінен 

шыкқан. 

Қаңқа  жануарлардың  сыртқы  дене  бітімін  анықтаумен  қатар,  қаңқа 

сүйектері  бір-бірімен  қозғалмалы  байланысып,  бұлшық  еттер  үшін  тіректік 

жəне  рычагтық  қызметтер  атқарады.  Сондай-ақ,  сүйектер  бір-бірімен  тұтаса 

байланыса  отырып,  организмнің  тіршілігі  үшін  қажетті  мушелерді  (ми, 

жұлын,  өкпе,  жүрек,  бауыр,  бүйрек,  жыныс  бездері,  жатыр,  куық  т.б.) 

қоршаған  ортаның  қатерлі  əсерлерінен  қорғайтын  берік  қабырғалар  жасау 

арқылы 


қорғаныс 

қызметін 

де 

іс 


жүзіне 

асырады. 

Жануарлар 

организмдеріндегі 

минералды 

түздардың 

дені 

қаңқа 


сүйектерінде 

жинақталған.  Сүйектер  кемігі  ұлшыктары  мен  жіліктер  қуысында  қоректік 

заттар  көзі  ретінде  майдың  (липид)  қоры  сақталады.  Сондыктан,  қаңқа 

сүйектері  организмдегі  минералды  жəне  май  алмасуларына  қатысады. 

Сүйектердің  қызыл  кемігі  майында  қан  түзілу  процесі  (эритроциттер, 

лейкоциттер, қан табақшалары түзіледі) — гемопоэз жүреді. 

Қаңқаның  денедегі  үлес  салмағы  жануарлардың  түрлеріне,  жасына, 

жынысына,  тұқымына,  физиологиялық  жағдайларына  (буаздық,  сауылу  т.б.) 

байланысты 6% -дан 13% -ға дейін өзгеріп отырады. Мысалы, сиырдың етті 

тұқымында қаңқа сүйектерінің үлес салмағы сүтті тұқымына қарағанда аздау 

болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет