Морфология



Pdf көрінісі
бет281/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

остеобласттар  (osteoblastus)  көптеп  орналасады.  Остеобласттар  жас  төлдер 

сүйектерінің  қалындап  өсуін,  ал  сақа  жануарлардың  сынған,  болмаса 

жарылған сүйектерінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сүйектер де, басқа 



159 

 

мушелер  сияқты  бірнеше  ұлпалардан  (дəнекер,  шеміршек,  жүйке  ұлпалары) 



құралғанымен, олардың негізін сүйек ұлпасы құрайды. 

Сүйекке  берікгік  қасиет  беретін,  оның  тіректік  кызметін  іс  жүзіне 

асыратын  сүйек  бөлігі  —  тығыз  сүйек  заты  (substantia  ossea  compacta). 

Тығыз  сүйек  затын  бір  бағытта  тығыз  орналасқан  суйек  такташалары 

(пластинкалары)  құрайды.  Тығыз  сүйек  затынан  сүйектердің  сыртқы  қатты 

қабаттары  мен  жіліктердің  денелері  (диафиздері)  құралған.  Жіліктердің 

бастары  (эпифиздері)  мен  омыртқалардың,  қабырғалардың  жəне  басқа 

сүйектердің  сырткы  тығыз  суйек  затының  астында  орналасып,  ішкі  негізін 

құрайтын  сүйектің  бөлігін  кемік  сүйек  заты  (substantia  ossea  spongiosa)  — 

деп  атайды.  Кемік  сүйек  затының  суйек  такташалары  сүйектерге  сырттан 

түсетін күштерге сəйкес əр түрлі бағытта орналасады. Сүйек тақташалардың 

аралықтарындағы  тым  ұсақ  куысты  ұлшыктарда  организмдегі  кантүзілу 

процесін  іс  жүзіне  асыратын  сүйектің  кызыл  кемігі  майы  (medulla  ossium 

rubra),  ал  жіліктердің  қуыстарында  жілік  майы  (medulla  ossium  flava) 

орналасады. Сүйектердің буындық беттері гиалинді шеміршекпен (cartilago 

articularis) қапталады.  

Сүйектің  құрамында  органикалық  жəне  бейорганикалық  заттар  болады. 

Жаңадан сойылған жануар денесінен алынған сүйектің химиялық құрамының 

28,2%  -ын  органикалық  зат  құрайды.  Оның  ішінде  белоктық  коллаген 

(оссеин)  талшықтарының  үлесі  12,7%,  ал  май  15,5%.  Коллаген  талшықтары 

сүйекке 

серпімділік 

жəне 

иілгіштік 



қасиеттер 

береді. 


Сүйектің 

бейорганикалық бөлігінің  50%-ы  су,  ал  қалған  21,8%  -ын  минералды  түздар 

құрайды.  Бұлардың  85%  -ы  кальций  фосфатының,  10,5%  -ы  кальций 

карбонатының,  1,5%-ы  магний  фосфатының  тұздары  үлестеріне,  ал  қалған 

3% -ы ас тұзының үлесіне тиеді. Организмдегі барлық минералды тұздардың 

98%  -ы  сүйекте  жинақталған.  Олардың  дені  кальций  (99%)  жəне  фосфор 

(87%)  тұздарының  үлесінде.  Минералды  тұздар  сүйекке  қаттылық  қасиет 

береді.  Сүйектің  беріктік  қасиеті  органикалық  заттың  серпімділік  жəне 

иілгіштік  қасиеттері  мен  минералды  тұздардың  қаттылық  қасиеттерінен 

құралады. Егер суйектің құрамында қалыпты жағдайдан органикалық заттың 

үлесі  көбейіп,  минералды  тұздар  азайса,  онда  сүйек  иілгіш  (мешел,  көтерем 

ауруларында  байқалады)  болып  келеді.  Ал,  керісінше,  оның  құрамында 

минералды  тұздардың  үлесі  көбейсе,  онда  сүйек  омырылғыш  жəне  сынғыш 

келеді.  Қаңқа  сүйектерінің  химиялық  құрамы  мен  физикалық  қасиеттері 

жануарлардың  түрлеріне,  тұқымына,  жасына,  жынысына,  физиологиялық 

кезендеріне  тікелей  байланысты.  Мысалы,  жас  төлдің  қаңқа  сүйектерінің 

құрамында  органикалық  заттар  мен  су  көп  мөлшерде  болады.  Ал  сака 

жануарлар  сүйектерінде,  керісінше,  бейорганикалық  заттардың  мөлшері 

көбейіп, су азаяды. Бұлардың сүйектері морт сынғыш, омырылғыш келеді. 

 Жас  төлдердің  кутімі  нашар,  азықтануы  сапасыз  да  құнарсыз  болса, 

онда  қаңқа  сүйектерінің  өсіп  сүйектенуіне  қажет  Д  витамині  жетіспей, 

кальций  тұздарының  сүйекке  сіңірілу  мөлшері  азаяды.  Осының нəтижесінде 

төлдерде  мешел  (рахит)  ауыруы  дамиды.  Ал  сака  малдарда  аталған 



160 

 

себептердің  салдарынан  минеральдық  зат  алмасу  бұзылып,  жануарлар 



организмінде  осыған  байланысты  əр  түрлі  аурулар,  мысалы,  остеомаляция, 

остеодистрофия сияқты дерттер өрбиді.  

Жалпы  жануарлар  қаңқасының  сүйектеріне  қаттылық,  беріктік, 

серпімділік қасиеттері тəн. Осы аталған қасиеттерімен қатар, сүйектер "Орын 

мен материальды үнемдеу" заңынаа сəйкес жеңіл болып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет