Көкірек (арқа) омыртқалары (грудные позвонки) — vertebrae
thoracicae — денелерінің тұрқы қысқалау келеді. Омыртқа денелерінің
алдыңғы жəне артқы екі бүйірінде қабырғалардың бастарымен буынды
байланыстар түзетін жұп краниальды жəне каудальды қабырға ойыстары
(fovea vertebralis cranialis et caudalis) болады. Көрші екі Омыртқаның аталған
ойыстары бірігіп, бір қабырға басымен буынды байланыс жасайтын шұңқыр
құрайды. Көлденең өсінділердің қабырға төмпешіктерімен байланысатын
буын беттері (fovea costalis transversalis) болады. Көкірек омыртқалардың
алдыңғы ұзын жоталық өсінділері каудальды бағытқа қарай қисая орналасып,
дене шоқтығының сүйектік негізін құрайды. Жоталық өсіндісі тік орналасқан
көкірек омыртқасын көкеттік (диафрагмальды) немесе антиклинальды
(жантаюға қарсы) омыртқа (vertebra anticlinalis -лат. anti — қарсы; clinalis
жантаю) деп атайды. Бұдан кейінгі көкірек омыртқаларының жоталық
өсінділері, керісінше, краниальды бағытқа қарай жантая орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |