қабырға шеміршегінен (cartilago costae) тұрады.
Қабырғалардың жоғарғы омыртқалық ұштарындағы қабырға бастары мен
төмпекшелері
көкірек
омыртқалардың
денелерімен
жəне
көлденең
өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Ал, төменгі төссүйектік
ұштарындағы қабырға шеміршектері төссүйекпен жалғасады. Төссүйекпен
тікелей жалғасқан алдыңғы 7-8 қабырғалар — төссүйектік (стернальды)
немесе нағыз қабырғалар, ал төссүйекпен тікелей байланыспайтын
қабырғалар — астернальды немесе жалған қабырғалар — деп аталады.
Жалған қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен жапсарласа бірігіп,
қабырға доғасын (arcus costalis) құрайды. Дөңес келген қабырға басы (caput
costae) көкірек омыртқа денесіндегі қабырға ойысымен байланысып, қабырға
басының буынын түзеді. Қабырға басы қабырға мойны (collum costae)
арқылы қабырға төмпешігінен (tuberculum costae) бөлініп тұрады. Қабырға
төмпешігі
көкірек
омыртқасы
көлденең
өсіндісінің
буын
бетімен
байланысып, қабырға төмпешігінің буынын жасайды. Кдбырға денесінің
сыртқы бетінде қабырға бұрышы (angulus costae) жақсы байқалады, Қабырға
денесінің кранио-дорсальды жиегінде бұлшық еттер бекитін еттік сай (sulcus
muscularis), ал каудо-медиальды жиегінде қан тамырлары мен жүйкелер
өтетін тамырлы сай (sulcus vascularis) болады. Қабырғалардың саны көкірек
омыртқалары санына сəйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |