проксимальды жəне дистальды кеңістіктер (spatium interosseum proximale
et distale) қалады.
Ерекшеліктері: Жылқыда шынтақ сүйек денесінің дистальды бөлігі
мен дистальды эпифизі жетілмеген. Оның проксимальды эпифизі мен денесі
кəрі жілікпен тұтаса байланысып кеткен.
Күйісті жануарлар мен шошқада шынтақ сүйек толық жетілген. Кəрі
жілік пен шынтақ сүйек тұтаса байланысып, олардың аралығында
сүйекаралық кеңістіктер қалады. Дистальды эпифиздің төменгі жағында тізе
сүйектермен байланысуға арналған буын беттері болады.
99 - сурет. Білек сүиектері А — ит, Б — шошқа, В — сиыр, Г жəне Д — жылқы
(А, Б, В, Г — латеральды беттері, Д — артқы беті)
1 — кəрі жілік, 2 — кəрі жілік басы мен оның шұңқыры, 3 — шығыр ойығы, 4 —
тұмсықша өсінді, 5 — шынтақ төмпегі, 6 — сүйекаралық кеңістік, 7 — шынтақ сүйек, 8 —
кəрі жіліктің медиальды бізше өсіңдісі, 9 — кəрі жіліктің латеральды бізше өсіндісі, 10 —
сүйекаралық жиек, а — кəрі жілік бұдыры, в — бақайдың беткей бүккіш бұлшық етінің
сіңірі бекитін төмпешік.
Достарыңызбен бөлісу: |