Алдыңғы жіліншік сүйектері (кости пясти) — ossa metacarpalia —
жануарлар жіліншігінің медиальды бетінен латеральды жағына қарай
қатарымен орналасқан бес: I жіліншік (os metacarpi primum), II жіліншік (os
metacarpi secundum), III жіліншік (os metacarpi tertium), IV жіліншік (os
metacarpi quartum) жəне V жіліншік (os metacarpi quintum) сүйектерден
тұрады. Жіліншік сүйектері алдыңғы аяқ басы қаңқасының ортаңғы бөлігі
метаподийді (metapodium) құрайды. Алдыңғы жіліншік сүйектерінің
құрылысы мен даму дəрежесі, жануарлардың тіршілік жағдайларына
бейімделуіне сəйкес əр түрлі деңгейде жетілген. Жіліншік сүйектер ұзын
жілік сүйектеріне жатады. Олардың проксимальды эпифиздерінде тізе
сүйектерімен байланысуға арналған буын беттері, ал екі бүйірінде байлам
төмпешіктері мен шұңқырлары болады. Дистальды эпифизді ортасынан қыр
арқылы екіге бөлінген буын шығыры құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |