Морфология



Pdf көрінісі
бет368/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Топай  сүйек  (венечная  кость)  —  os  coronale  —  құрылысы  тұсамыс 

сүйекке ұқсас. Тек диафизі қысқалау келеді. 



Тұяқ  сүйек  (копытная  кость,  копытцевая  кость,  когтевая  кость)  —  os 

ungule,  os  ungulare,  os  unguiculare  —  тұяқты  жануарларға  тəн  сүйек. 

Дистальды фаланга итте тырнақ сүйек (os unguiculare) — деп аталады. 

Ерекшеліктері: Жылқыда III бақай ғана болады. Тұяқ сүйектің үш беті 

болады.  Олар:  қабырғалық  бет  (facies  parietalis),  ұлтандық  бет  (facies 

solearis)  жəне  буындық  бет  (facies  articularis).  Тұяқ  сүйектің  буындық  беті 

қыр  арқылы  латеральды  (кіші)  жəне  медиальды  (үлкен)  бөліктерге  бөлінеді. 

Жоғарғы  тəждік  жиектің  алдыңғы  жағынан  жазғыш  өсінді  (processus 

extensorius)  жоғары  шығып  тұрады.  Қабырғалық  беттің  екі  қапталы  артқы 

бағытта  латеральды  жəне  медиальды  пальмарлы  (артқы)  өсінділерге 

айналады.  Бұлар  арқылы  тұяқ  сүйектің  төменгі  ұлтандық  жиегіне 

параллельді  орналасқан  тұяқ  қабырғасының  латеральды  жəне  медиальды 

сайлары өтеді. Тұяқ сүйектің ұлтандық беті өз кезегінде: терілік алаңша мен 



бүккіш  бетке  бөлінеді.  Бүккіш  бетте  жатқан  латеральды  жəне  медиальды 

ұлтандық  сайлар,  аттас  тесіктер  арқылы  бір-бірімен  жалғасып,  ұлтан  өзегін 

құрайды.  Бүккіш  беттің  (facies  flexorius)  артқы  жағында,  пальмарлы 

өсінділер  аралығында  дистальды  тиекше  (сесам  тəрізді)  сүйекпен  (os 

sesamoideum) байланысатын буын беті көрінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет