БҰЛШЫҚ ЕТТЕР ЖҮЙЕСІ
Бұлшық еттер жүйесін зерттейтін ілімді Myologia (грек, myon — бұлшық
ет; logos — ілім) — деп атайды. Бұлшық еттер жүйесі жануарлар
организмінің кеңістіктегі қозғалысы мен дене мүшелерінің салыстырмалы
қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асыратын тірек-қимыл аппаратының
белсенді бөлігі. Бұлшық еттерге тəн қасиеттер: жиырылғыштық, серпімділік,
тітіркенгіштік, ширығушылық (тонус). Бұлшық еттердегі жиырылу процесін
ет талшықтары цитоплазмасындағы жиырылғыш белоктық жіпшелер
миофибриллалар іс жүзіне асырады.
Бұлшық еттер жүйесі жекеленген бұлшық еттерден тұрады. Бұлшық ет
құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Ол екі бөліктен, яғни
паренхима мен стромадан құралған. Паренхима мүшенің негізгі қызметін
атқаратын жұмысшы бөлігі. Демек, бұлшық еттің паренхимасын көлденең
жолақты бұлшық ет ұлпасының ет талшықтары құрайды. Строма
паренхиманы бірік-тіріп, дəнекерлеп біртұтас қомақты мүше ететін бұлшық
еттің борпылдақ дəнекер ұлпалық бөлігі. Бұлшық еттің сыртқы жұқа дəнекер
ұлпалық қабығын эпимизий — деп атайды. Эпимизийден бұлшық еттің
ішіне қарай тарап, ет талшықтары шоғырлары будаларын бір-бірінен бөлетін
борпылдақ
дəнекер
ұлпалық
аралықтарды
перимизий — дейді.
Перимизийлер арқылы бұлшық етті қоректендіретін қан жəне лимфа
тамырлары мен оның қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Бұлшық ет
шоғырлары будаларын құрайтын ет талшықтарының аралықтарындағы тым
жұқа борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтарды эндомизий — деп атайды.
Сонымен, бұлшық еттің стромасын эндомизий, перимизий жəне эпимизий
бірігіп құрайды.
210
Достарыңызбен бөлісу: |