Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет (musculus) мүше
ретінде үш бөліктен тұрады. Олар: бұлшық еттің басы (caput musculi),
бұлшық еттің құрсағы (venter musculi) жəне бұлшық еттің құйрығы
(cauda musculi). Бұлшық еттің басы — қозғалмайтын сүйектен басталатын
сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет талшықтарынан тұратын бұлшық еттің
ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бұлшық еттің
құйрығы деп, екінші қозғалатын сүйекте аяқталатын оның сіңір бөлігін
айтады. Бұлшық ет сіңірлерінің (tendo musculi) құрылысы да, бұлшық етке
ұқсас, яғни паренхима мен стромадан құралған. Бұлшық ет сіңірі
паренхимасын коллаген талшықтарының шоғырлы будалары құрайды.
Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын жəне тепетеңдігін
сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп
шығару жəне тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар
қанмен келген органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар)
құрамындағы химиялық куаттың (энергияның) 70,0% -ын жылу энергиясына,
тек 30,0%-ын ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге
қатысады. Бұлшық еттер жануарлар дене массасынын жылқыда - 47,4%-ьш,
Достарыңызбен бөлісу: |