Морфология


  Көкіректің тік бұлшық  еті



Pdf көрінісі
бет452/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   1132
5.  Көкіректің тік бұлшық  еті  (m.  rectus thoracis)  екінші жəне  төртінші 

қабырғалар шеміршектерінен басталып, 1 -ші қабырғада аяқталады. 



Ерекшеліктері.  Күйіс  қайтаратын  жануарларда  бұлшық  ет  сіңірі  5-

інші қабырға шеміршегіне дейін жетеді. 



Қызметі.  Көкіректің  тік  бұлшық  еті  қабырғалар  шеміршектерін  алға 

жəне  сыртқа  қарай  тартып,  оларды  бір-бірінен  ажыратып,  көкірек  қуысын 

кеңейтуге көмектеседі. 

6.  Көкет,  диафрагма  (diaphragma)  көкірек  қуысын  құрсақ  куысынан 

бөліп  тұратын,  пішіні  құмбез  тəрізді  жалпақ  бұлшық  ет.  Оның  ортасындағы 

құмбез  тəрізді  сіңірлі  төбесі  көкірек  қуысына  бағытталған.  Шеткі  бұлшық 

еттік  бөлігі  бекитін  орындарына  байланысты  бел,  қабырға  жəне  төс 

бөлімдеріне  бөлінеді.  Бел  бөлімінің  бұлшық  еттік  ұштары  оң  жəне  сол 



223 

 

бұлшық  ет  аяқшалары  түрінде  бел  омыртқаларында  аяқталады.  Диафрагма 



қабырға  болімінің  бұлшық  еттік  ұшы  8  -інші  қабырға  шеміршегін  бойлай 

қабырғалардың ішкі  бетінде  аяқталады.  Ал  төс бөлімінің бұлшық  еттік ұшы 

төссүйектің  семсерше  өсіндісінде  аяқталады.  Көкеттің  бұлшық  еттік 

бөлімдері  жиырылғанда,  диафрагма  құрсақ  куысына  карай  күшті  тартылып, 

көкірек куысын құрсақ қуысына қарай кеңейтеді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет