Морфология



Pdf көрінісі
бет453/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   1132
Ерекшеліктері.  Көкеттің  қабырғалық  бөлімі  жылқыда  соңғы  үш 

кабырғаға, сиыр мен шошқада соңғы төрт қабырғаға, қой мен ешкіде соңғы 

бес қабырғаға, итте соңғы қабырғаға бекиді.  

Қызметі. Көкет — ең күшті инспиратор. 

 

Экспираторлар 



 

1.  Дорсальды  тісше  экспиратор  (m.  serratus  dorsalis  expiratorius) 

көкірек керегесінің артқы жоғарғы жағында орналасады. Ол бірнеше тісше ет 

таспаларынан  құралған.  Дорсальды  тісше  экспиратор  соңғы  көкірек 

омыртқалардың 

жоталық 

өсінділерінен 

басталып, 

қабырғалардың 

омыртқалық ұштарының артқы жиектерінде аяқталады. 

Ерекшеліктері. Жылқыда — тісше ет таспаларының саны — 7-8, олар 

он бірінші жəне он сегізінші қабырғалар аралығында; сиырда тісше таспалар 

саны — 3-4, олар оныншы жəне он үшінші қабырғалар аралығында; қой мен 

ешкіде  тісше  таспалар  саны  —  5,  олар  төртінші  жəне  алтыншы  қабырғалар 

аралығында;  шошқада  —  тісше  таспалар  саны  4-5,  олар  бесінші  жəне 

сегізінші  қабырғалар  аралығында;  итте  тісше  таспалар  саны  —  3,  олар  он 

бірінші жəне он үшінші қабырғалар аралығында орналасады. 



Қызметі.  Дорсальды  тісше  экспиратор  тісше  бұлшық  ет  таспалары 

қабырғаларды  артқа,  жоғары  жəне  ішке  қарай  тартып,  оларды  бір-біріне 

жақындату арқылы көкірек қуысын қысады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет