Морфология



Pdf көрінісі
бет671/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1132
Бөбешік  шеміршек  (надгортанный  хрящ)  —  cartilago  epiglottic  dis  — 

пішіні  бүгілген  жапырақ  тəрізді  серпімді  (эластинді)  шеміршек.  Ол  көмекей 

қақпағы  бөбешіктің  (тілшіктің)  негізін  түзеді.  Өз  кезегінде  бөбешіктің 

сабақшасы, екі бүйір жиегітіл жəне жұтқыншақ беттері болады. Бөбешік 

негізі 


қалқанша 

шеміршектің 

алдыңғы 

жиегімен 

байлам 

арқылы 


байланысады. 

Көмекей  шеміршектері  бір-бірімен  өзара  буын  арқылы  қозғалмалы 

байланысады. 

Ал 


қалқанша 

шеміршек 

тіласты 

сүйектің 

үлкен 

мүйіздіктерімен  жəне  бөбешікпен  қасымша  байламдар  арқылы  жалғасады. 



Сөйтіп,  көмекей  шеміршектері  көмекей  куысының  шеміршектік  негізін 

құрайды. 



Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды. 

Көмекейге  кіреберіс  тесікті  (aditus  laryngis)  төменгі  жағынан  көмекей 

қақпағы  бөбешік,  екі  бүйірінен  ожауша-бөбешік  қатпарлары  жиектеп 

жатады.  Бөбешіктің  негізін  бөбешік  шеміршек,  ал  қатпарлардың  негізін 

ожауша  шеміршектің  мүйізше  өсінділері  түзеді.  Бөбешік  көмекей  куысын 

жұтыну кезінде жауып тұрады. 




314 

 

Көмекейдің  бүйір  қабырғасының  оң  жəне  сол  жағындағы  кілегейлі 



қабықта  қатарынан  орналасқан  кіреберіс  жəне  дыбыс  қатпарлары  болады. 

Осы  қатпарлардың  аралығында  көмекей  қарыншасы  (ventriculus  laryngis) 

орналасады.  Кіреберіс  қатпарының  (plica  vestibularis)  негізін  көмекей 

қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бұлшық еті (m. ventricularis) 

түзеді.  Дыбыс  қатпарының  (plica  vocalis)  негізін  қалқанша  шеміршек 

денесіне  қарай  бағытталған  ожауша  шеміршектің  дыбыс  өсіндісі  құрайды. 

Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бұлшық еті 

(m. vocalis) жатады. Бұлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады. 

Көмекей  қуысының  дыбыс  қатарларына  дейінгі  бөлігін  көмекей 

кіреберісі  (vestibulum  laryngis)  —  дейді.  Көмекей  кіреберісінің  кілегейлі 

қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен  астарланған.  Оның  вентральды 

қабырғасында,  бөбешіктің  табанында  жайпақ  шұңқырша  көмекейдің 

орталық қалтасы (recessus laryngis medianus) болады. 

Көмекей  қуысының  ожауша  шеміршектер  мен  дыбыс  қатпарлары 

аралығында  жатқан  бөлігін  дыбыс  саңылауы  (rіта  glottidis)  —  деп  атайды. 

Оның  кеңейіп  келген  жоғарғы  дорсальды  бөлімін  шеміршекаралық  бөлік 

(pars  intercartilaginea),  ал  дыбыс  қатпарлары  аралығында  жатқан  вентральды 

бөлімін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет