Морфология



Pdf көрінісі
бет672/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   1132
жарғақаралық  бөлік  (pars  intermembranacea)  —  дейді. 

Жарғақаралық  бөлікті  дыбыс  аппараты  (glottis)  —  деп  те  атайды.  Көмекей 

қуысының  дыбыс  қатпарларынан  кейінгі  бөлігінің  кілегейлі  қабығы 

көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. 



Ерекшеліктері.  Жылқыда  көмекейдің  сақинаша  шеміршегінің 

тақташасы,  оның  доғасымен  тік  бұрыш  жасай  орналасады.  Қалқанша 

шеміршектің  каудальды  бетінде  терең  каудальды  ойық  болады.  Шеміршек 

тақташасының  сыртқы  бетінде  бұлшық  еттер  бекитін  қиғаш  сызықтар 

байқалады. 

Ожауша 


шеміршектің 

негізі 


көлемді 

келеді. 


Бөбешік 

шеміршектің пішіні жапырақ тəрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. 



Сиырда сақинаша шеміршек тақташасы доғасымен сүйір бұрыш түзеді. 

Қалқанша  шеміршектің  артқа  мүйіздігі  ілмек  тəрізді  иілген.  Ожауша 

шеміршектің  дыбыс  өсіндісі  жақсы  жетілген.  Бөбешік  шеміршектің  пішіні 

сопақша  келген.  Дыбыс  қатпарлары  көмекей  түбіне  тік  бұрыш  жасай 

орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет