Морфология


 Тіласты-қалқанша бұлшық еті



Pdf көрінісі
бет677/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   673   674   675   676   677   678   679   680   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m. hyothyreoideus) тіласты сүйектің 

үлкен  мүйіздігінен  басталып,  қалқанша  шеміршектің  бүйірінде  аяқталады. 

Ол жұтыну кезінде көмекейді алға тартады. 

Көмекей  қабырғасының  гистологиялық  құрылысы.  Көмекейдің 

қабырғасы  түтікше  мүше  ретінде:  ішкі  кілегейлі,  ортаңғы  етті  жəне  сыртқы 

адвентиция  қабықтарынан  құралған.  Көмекейдің  кілегейлі  қабығы  эпителий 

қабатынан  жəне  өзіндік  тақташадан  тұрады.  Оның  ішкі  бетін  бірқабатты 

көпқатарлы  кірпікшелі  эпителий  астарлайды.  Тек,  көмекейдің  кіреберісі, 

дыбыс  байламы  жəне  көмекейдің  жоғарғы  артқы  аймақтары  кілегейлі 

қабықтарың  көпқабатты  жалпақ  эпителий  астарлайды.  Борпылдақ  дəнекер 

ұлпалық  өзіндік  тақташада  эластин  талшықтары  көптеп  кездеседі  жəне 

көпіршікшеүтікше кілегейлі-сірлі бездер мен лимфа түйіншелері орналасады. 

Ортаңғы  талшықты-шеміршекті  қабығын  бөбешік,  қалқанша,  ожауша, 

сақинаша  шеміршектер  мен  олардың  шеміршекқаптары  құрайды.  Бөбешік 

шеміршеп  эластинді,  ал  қалған  шеміршектер  гиалинді  шеміршек  ұлпасынан 

түзілген. Адвентиция борпылдақ дəнекер ұлпасы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   673   674   675   676   677   678   679   680   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет