2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m. hyothyreoideus) тіласты сүйектің
үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады.
Ол жұтыну кезінде көмекейді алға тартады.
Көмекей қабырғасының гистологиялық құрылысы. Көмекейдің
қабырғасы түтікше мүше ретінде: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы
адвентиция қабықтарынан құралған. Көмекейдің кілегейлі қабығы эпителий
қабатынан жəне өзіндік тақташадан тұрады. Оның ішкі бетін бірқабатты
көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Тек, көмекейдің кіреберісі,
дыбыс байламы жəне көмекейдің жоғарғы артқы аймақтары кілегейлі
қабықтарың көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Борпылдақ дəнекер
ұлпалық өзіндік тақташада эластин талшықтары көптеп кездеседі жəне
көпіршікшеүтікше кілегейлі-сірлі бездер мен лимфа түйіншелері орналасады.
Ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын бөбешік, қалқанша, ожауша,
сақинаша шеміршектер мен олардың шеміршекқаптары құрайды. Бөбешік
шеміршеп эластинді, ал қалған шеміршектер гиалинді шеміршек ұлпасынан
түзілген. Адвентиция борпылдақ дəнекер ұлпасы.
Достарыңызбен бөлісу: |