322
(цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоциттер альвеоланың ішкі бетін қаптап
тұратын сурфактантты бөледі.
Өкпенің құрылымдық жəне ідызметтік бірлігі — өкпе бөлікшесі
(ацинусы). Ацинусты қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерін қоса
дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысқан бір альвеолалы
бронхиоланың тармақтары (альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар,
олардың қабырғаларындағы альвеолалар) құрайды. Өкпенің респираторлы
бөліміндегі газ алмасу процесі қан мен ауаның аралығында жатқан
эндотелиоциттер қабарғалары арқылы, тым жұқа дəнекер ұлпасы мен
респираторлы пневмоциттер қабырғалары арқылы, оттегі мен көмірқышқыл
газы концентрациясының айырмашылықтарына байланысты жүреді. Оттегі
ауадан қанға, көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Сөйтіп, газ алмасу
процесінің нəтижесінде вена қаны артерия қанына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: