Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасында газ
алмасу процесі жүреді. Альвеол алардың қабырғасын негіздік жарғақта
орналасқан тым жұқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлы)
эпителийі астарлайды. Альвеолалар қуысының альвеолалы қапшықтар
қуысымен қатысатын тесіктерінің қабырғасында жекеленген бірыңғай
салалы ет миоциттері болады. Жұқа альвеолалараралық дəнекер ұлпалық
аралықтарарқылы таралатын қан капиллярлары, альвеолалардың сыртқы
бетін шырмай қоршап жатады. Көрші екі альвеол алардың аралығында
аздаған коллаген жəне эластин талшықтары, жекеленген жасушалар,
макрофагтар, қан капилляры болады. Қан капиллярының қабырғасын орташа
қалындығы 0,15 мкм эндотелий жасушалары түзеді. Альвеолалар
қабырғасындағы
респираторлы
эпителий
екі
түрлі
альвеолоциттен
(пневмоциттерден): респираторлы жəне үлкен альвеолоциттерден құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |