Морфология



Pdf көрінісі
бет708/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   704   705   706   707   708   709   710   711   ...   1132
Ерекшеліктері.  Жылқы  бүйректері  тегіс  біремізікшелі  бүйрекке 

жатады.  Оның  оң  бүйрегінің  пішіні  жүрекке  ұқсас,  ал  сол  бүйрегі  лобия 

тəріздес  болады.  Бүйрек  түбегінде  мүшенің  алдыңғы  жəне  артқы  ұштарына 

қарай  созылып  жатқан  бүйрек  жолдары  көрінеді.  Бүйрек  пирамидаларының 

саны — 10-12. Оң бүйрек кұрсақ куысының бел аумағында, оң жақта, 14-15 -

інші қабырғалардан 2 -нші бел омыртқаға дейінгі аралықта, ал сол бүйрек бел 

аумағының  сол  жағында,  18  -нші  көкірек  омыртқасынан  3  -інші  бел 

омыртқасы аралығында орналасады. 



Сиыр бүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек түбегі болмайды, 

оның  орнында  бүйрек  емізікшелерінен  шығатын  бүйрек  сабақшаларының 




329 

 

бірігуінен  түзілген  екі  негізгі  өзек  —  несеп  жолдары  болады.  Олардың 



қосылуы  нəтижесінде  бүйректен  зəрді  қуыққа  алып  шығатын  несепағар 

пайда  болады.  Бүйрек  пирамидаларының  саны  —  8-22.  Оң  бүйрек  құрсақ 

куысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырғалар мен 2-3 -інші бел 

омыртқалардың  аралығында  орналасады.  Бүйректің  пішіні  ұзынша  сопақ 

болып  келеді.  Сол  бүйрек  көбіне  оң  бүйректен  соң,  бел  аумағының 

оңжағында, 2 жəне 5 -інші бел омыртқалардың аралығында орналасады. Бұл 

жағдай мес қарынның азықпен толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда, 

мес  қарын  азыққа  толып,  сол  бүйректі  бел  аумағының  оң  жағына  қарай 

ығыстырады. Сол бүйректің артқы ұшы алдыңғы ұшына қарағанда қалыңдау 

болып келеді жəне сəл бұралып тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   704   705   706   707   708   709   710   711   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет