Морфология



Pdf көрінісі
бет704/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   1132
1.  Көптік  бүйрек  бір-бірімен  зəр  шығару  өзектері  —  бүйрек 

сабақшалары 

арқылы 

байланысып 

жатқан 

көптеген 

майда 

жеке 


бүйрекшелерден  тұрады.  Əр  бір  бүйрекше  сыртынан  дəнекер  ұлпалық 

қапшықпен 

қапталған. 

Бүйрекшенің 

кесіндісінде 

бір-бірінен 

анық 

ажырайтын үш аймақты байқауға болады. Қапшықтың астындағы қыртысты 



аймақ  зəр  бөлу  аймағы.  Бұл  аймақты  бүйрек  түтікшелері  нефрондардың 

денешіктері  мен  проксимальды  жəне  дистальды  бөлімдерінің  ирек 

түтікшелері құрайды. Олардың аралықтарында қан жəне лимфа тамырларына 

бай,  тым  жұқа  борпылдақ  дəнекер  ұлпалық  аралықтар  (строма)  орналасады. 

Бүйрекшелердің 

орталығында 

нефрондардың 

түзу 


тұтікшелерінен 

(проксимальды  жəне  дистальды  бөлімдердің  түзу  түтікшелері,  жіңішке 

бөлімдер  мен  жинағыш  түтікшелер)  құралған,  бөлінген  зəрді  өткізетін 

бозғылт аймақ орналасады. Стромасы борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. 

Қыртысты  жəне  бозғылт  аймақтар  аралығында  ірі  қан  тамырлары  (доғалық 

артериялар  мен  веналар)  өтетін  шекаралық  аймақ  болады.  Бүйрекшелер 

сабақшалары  бір-бірімен  қосылып,  несеп  жолдарын,  бұлар  өз  кезегінде  бір-

бірімен  қосылап,  несепағарды  түзеді.  Бүйректің  бұндай  түрі  теңіз 

сүтқоректілерінде (китте, түленде, дельфинде, ақ аюда, моржда т.б.) болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет