Морфология



Pdf көрінісі
бет735/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қосымшалық  жиегі  (margo  epididymidis)  жəне  бос  жиегі  (margo  liber)  мен 

латеральды  жəне  медиальды  беттері  болады.  Енді  сыртынан  өзіндік 

қынаптық  қабық  (сірлі  қабық  ішперденің  висцеральды  жапырақшасының 

жалғасы)— tunica vaginalis propria — пен оның астындағы ақ қабық (тығыз 

дəнекер  ұлпасы)  —  tunica  albuginea testis  — қаптап жатады.  Ақ  қабық еннің 

басынан қүйрығы жағына қарай уңгілей еніп, ен ортасын (mediastinum testis) 

құрайды.  Ақ  қабықты  ен  ортасымен  байланыстырып  отыратын  тығыз 

дəнекер  ұлпалық  ен  перделіктері  (septula  testis)  ен    паренхимасын 

(parenchima  testis)  бөліктерге  бөледі.  Дəнекер  ұлпалық    ақ  қабық,  ен  ортасы 

жəне перделіктер еннің стромасын, ал оның  паренхимасын ен бөлікшелері 

құрайды.  Ен  бөлікшелерін  қабырғаларында  сперматозоидтардың  түзілу 

процесі  сперматогенез  жүретін  2-4  ирек  тұқымдық  өзекшелер  (tubuli 

semimfen  contorti)  құрайды.  Бұл  өзекшелердің  аралығында  борпылдақ 

дəнекер 


ұлпасы 

мен 


аталық 

жыныс 


гормонын 

бөлетін 


аралық 

(интерстициальды)  жасушалар  орналасады.  Ен  бөлікшелеріндегі  ирек 

тұқымдық  өзекшелер  ен  ортасына  қарай  бағытталып,  түзу  тұқымдық 

өзекшелерге  (tubuli  seminiferi  recti)  айналады.  Олар  өз  кезегінде  ен 

ортасында бір-бірімен қосылып ажырып, ен торын (rete testis) жасайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет