342
қосымшасының саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен
перделіктер жай көзге жақсы байқалмайды.
Бұқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен қосымшасының
басы жалпақ, денесі жіңішке, құйрығы жуан болып, енмен тұтасып кетеді. Ен
ортасы жақсы байқалады. Бұл жануарлар еннің басы дорсальды, ал ен
қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады.
Қабанның ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасының басы
мен құйрығы еннің екі ұшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен
перделіктер жақсы жетілген. Еннің басы кранио-вентральды, ал ен
қосымшалық жиегі дорсо-краниальды бағытта орналасып, денеге қиғаш
жатады.
Төбеттің ені онша ірі емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен
қосымшасы жақсы жетілген. Бірақ, оның саңылауы айқын емес. Еннің
денедегі орналасуы қабан енінің топографиясына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: