Морфология



Pdf көрінісі
бет756/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

АНАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ 

 

Аналық  көбею  мүшелері  (органы  размножения  самки)  —  organa 

genitalia  feminina  —  екі  бөлімнен:  негізгі  жыныс  безі  жұмыртқалықтан 

(паренхималы  мүше)  жəне  жыныс  жолдарынан  (түгікше  мүшелер)  тұрады. 

Жыныс  жоддарына  жатыр  түтігі  (жұмыртқа  жолы),  жатыр,  қынап,  несеп-

жыныс кіреберісі жəне сыртқы жыныс мүшесі жатады. 

 

171 - сурет. Сиырдың жыныс мүшелері 

1 — тік ішек, 2 — жатырдың жалпақ байламы, 3 — несеп-жыныс кіреберісі, 4 — 

несепшығар өзегі, 5 — қынап, 6 — жатыр мойны, 7 — жатыр денесі, 8 — жұмыртқалық, 9 

— жатыр түтігі, 10 — жатыр мүйізі, 11 — куық. 

 

Жұмыртқалық  (яичник)  —  ovarium  —  аналық  жыныс  жасушалары 

овоцитгер  жетіліп,  аналық  жыныс  гормондары  бөлінетін,  пішіні  сопақша 

келген  жұп  паренхималы  мүше.  Үй  жануарларында  жұмыртқалық  бел 

аумағының  жамбас  қуысына  кіреберісінде,  шажырқайға  (mesovarium)  ілініп 

тұрады.  Шыжырқай  арқылы  жұмыртқалыққа  қоректендіретін  қан  жəне 

лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер  енеді.  Жұмыртқалықтың  алдыңғы  түтіктік, 

артқы  жатырлық  ұштары,  жоғаргы  шажырқайлық,  төменгі  бос  жиектері, 

латеральды  жəне  медиальды  беттері  болады.  Жұмыртқалықтың  түтіктік 

ұшына  жатыр  түгігінің  құйғышы  (воронка),  ал  жатырлық  ұшына  өзіндік 

жұмыртқалық  байламы  (ligamentum  ovarii  proprium)  арқылы  жатыр  мүйізі 

байланысады. Сыртынан ол бастама эпителиймен (бірқабатты текше тəрізді) 

жəне  оның  астындағы  ақ  қабықпен  (тығыз  дəнекер  ұлпасы)  қапталған. 

Жұмыртқалық  фолликул  алы  жəне  тамырлы  екі  аймақтан  құралған. 

Фолликулалы  аймақга  жұмыртқа  жасушалары  овоциттердің  дамып  жетілу 

процесі — овогенез жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею 

сатысындағы  жас  жыныс  жасушалар  —  майда  біріншілік  (примордиальды) 

фолликулдар  (folliculi  ovarii  primarii)  түрлі  жануарларда  түрліше  топтасып 

жатады.  Олардан  сəл  төменірек,  біріншілік  фолликулдарға  қарағанда  ірірек 

өсу  сатысындағы  жыныс  жасушалары  өсуші  фолликулдар  орналасады. 




351 

 

Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері 



тым  үлкейіп,  көпіршікті  фолликулдарға  (folliculi  ovarii  vesiculosi)  айналады. 

Олар  жарылғаннан соң, ішіндегі  жетілген  жұмыртқа  жасушасы көпіршіктегі 

фолликул  сұйығымен  бірге  жұмыртқалықтан  бөлініп,  жатыр  түтігі 

құйғашына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп 

атайды.  Жарылған  көпіршікті  фолликул  орнында  сары  дене  (corpus  luteum) 

түзіледі. Сары дене жасушалары прогестерон гормонын бөледі. 

Тамырлы  аймақ  арқылы  жұмыртқалықты  қоректендіретін  қан,  лимфа 

тамырлары  мен  жүйкелер  өтеді.  Жұмыртқалықтың  стромасын  борпылдақ 

дəнекер ұлпасы құрайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет