Қой мен ешкі жұмыртқалықтарының пішіні дөңгелек болып келеді.
Мегежін
жұмыртқалығында
бір
мезгілде
ондаған
жұмыртқа
жасушалары пісіп жетіледі. Осыған байланысты оның сыртқы беті бұдырлы
келеді. Олар 5-6 -ншы бел омыртқалар аумағында орналаскан.
Қаншық жұмыртқалығы көлемі жағынан кішкентай болып келеді. Ол
толығымен жұмыртқа қапшығының ішінде жатады. Жұмыртқалық 3-4 -інші
бел омыртқалар аумағында орналасады.
Жұмыртқалықтың
гистологиялық
құрылысы.
Жұмыртқалық
сыртынан ішперденің жалғасы бастама эпителиймен жəне оның астындағы
тығыз дəнекер ұлпалық ақ қабықпен қапталған. Бастама эпителий бірқабатты
текше тəрізді эпителийден тұрады. Жұмыртқалық сыртқы қыртысты заттан
немесе фолликулалы аймақтан, ішкі бозғылт заттан немесе тамырлы
аймақтан құралған. Жұмыртқалық құрылысы жағынан қомақты паренхималы
мүше. Оның стромасын дəнекер ұлпасы құрайды. Қыртысты заттың
стромасында аздаған коллаген талшықтары болады. Оны негізінен дəнекер
ұлпасының
аморфты
затында
орналасқан
фибробласттар
құрайды.
Фолликулалы аймақтың дəнекер ұлпалық стромасында əр түрлі даму
сатысындағы
фолликулдар,
сары
жəне
ыдырама
денелер
болады.
Фолликулалы аймактың шеткі, ақ қабықпен шектескен сыртқы жағында
352
жекеленіп немесе топтасып орналасқан ұсақ алғашқы (примордиальды)
фолликулдар жатады. Алғашқы фолликул жас овоциттен жəне оның
сыртындағы фолликулалы қабықтан құралған. Фолликулалы қабықты бір
қабатта орналасқан жалпақ фолликул жасушалары түзеді. Жұмыртқалықтың
орталығына қарай өсу сатысындағы ірі фолликулдар орналасады. Оларды
Достарыңызбен бөлісу: |