мүйізі мен денесінің кілегейлі қабығында, əрбір қатарында 10-14 -тен төрт
356
байланысатын жатыр кірмелері (cryptae uterinae) орналасады. Ұсақ
малдардың жатыр карункулаларының бетінде шұңқыр болады.
Мегежін жатырының мүйіздері өте ұзын (140-150 см), пішіні ішек
ілмектеріне ұқсас болады. Жатыр денесі қысқа (5 см), ал мойны одан үш
еседей ұзын келеді. Бұдырлы қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының
кілегейлі қабығы ешқандай шекарасыз қынапқа ауысады.
Қаншық жатырының мүйізі жіңішке, ұзын жəне екіге айырылған.
Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейлі қабығы
ұзынынан жəне көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді.
Қанап (влагалище) — vagina — жыныстық қатынасты жəне төлдің туу
процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында
орналасқан тақ түтікше мүше. Ол жамбас куысында жатырдан кейін
орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді.
Олардың шекарасын уретраның сыртыны тесігі белгілеп тұрады.
Қынаптың қабырғасы кілегейлі, етті қабықтардан жəне сыртқы
адвентициядан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы көпқабатты
жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабық ішкі сақинаша жəне
сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін
ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптап жатады.
Достарыңызбен бөлісу: