Морфология



Pdf көрінісі
бет767/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   763   764   765   766   767   768   769   770   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері.  Бие  қынабы  несеп-жыныс  кіреберісінен  ұзындау 

болады.  Жатыр  шүмегі  кіріп  тұрған  оның  алдыңғы  жағындағы  саңылауын 

қынап күмбезі (fornix vaginae) — деп атайды. 

Сиыр қынабы несеп-жыныс кіреберісінен екі есе ұзын, оның күмбезі тек 

шүмектің дорсальды жағынан ғана байқалады. 



Ұсақ  малдардың  қынабы  құрылысы  жағынан  сиыр  қынабына  ұқсас 

болып келеді. 



Мегежін қынабының пішіні жіңішке түтік тəрізді, құмбезі болмайды. 

Қаншық  қынабының  ұзыңдығы  несеп-жыныс  кіреберісіне  қарағанда 

ұзын болады. Күмбезі айқын байқалады. 



Несеп-жыныс кіреберісі (мочеполовое преддверие) — vestibulum 

vaginae  —  каудальды  бағытта  сыртқы  жыныс  мүшелерімен  аяқталады. 

Несеп-жыныс кіреберісі қабырғасының құрылысы қынапқа ұқсас. Оның етгі 

қабығындағы  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  қабатын  сыртынан  көлденең 




357 

 

жолақты  ет  ұлпасынан  түзілген  кіреберістік  қысқыш  бұлшық  ет  (m. 



constrictor vestibuli) сақина тəрізді сыртынан қоршап жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   763   764   765   766   767   768   769   770   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет