Морфология


Эндокринді  бездерге  тəн  морфологиялық  белгілер



Pdf көрінісі
бет772/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   768   769   770   771   772   773   774   775   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Эндокринді  бездерге  тəн  морфологиялық  белгілер:  1)  эндокринді 

бездер  тек  инкреттер  (гормондар)  бөлетін  соңгы  бөлімдерден  тұрады,  2) 

олардың  шығару  өзектері  болмайды,  3)  олар  гормондарын  дененің  ішкі 

сұйық  ортасына  бөледі.  Сондықтан,  ішкі  секреция  бездері  қан  жəне  лимфа 

тамырларына  өте  бай  келеді,  безді  бөлімдерінің  қабырғалары  тамырлар 

қабырғалары эндотелийімен тыгыз жанасып жатады. 

Қызметіне байланысты эндокринді бездер: 1) таза ішкі секреция бездері 

(гипоталамус,  гипофиз,  эпифиз,  қалқанша  без,  қалқаншамаңы  безі, 

бүйрекүсті  безі)  жəне  2)  қосарлы  қызмет  атқаратын  бездер  (айырша  без  — 

тимус, ұйқы безі, ен, жұмыртқалық, бүйрек, ұрықжолдас — плацента) болып 

екі  топқа  бөлінеді.  Ал  өзара  қызметтік  байланыстарына  байланысты 

эндокринді бездерді орталықжəне шеткі екі бөлімге бөледі. Орталық бөлімге: 

гипоталамустың нейросекреторлы  ядролары, гипофиз жəне эпифиз, ал шеткі 

бөлімге:  қалқанша  без,  қалқаншамаңы  безі  жəне  бүйрекүсті  безі  жатады. 

Орталық ішкі секреция бездері өздерінің гормондарымен шеткі эндокринді 

бездердің қызметтерін реттеуге қатысады. 

Кейбір мүшелерде гормон түзуші жеке жасушалар да кездеседі.  

Даму  тегіне  байланысты  эндокринді  бездер:  эпителиальдық,  жүйкелік 

жəне жүйкеглиальдық болып  үш топқа бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   768   769   770   771   772   773   774   775   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет