Морфология



Pdf көрінісі
бет789/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   785   786   787   788   789   790   791   792   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

 


367 

 

БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ 



 

Бүйрекүсті  безі  (glandula  suprarenales)  шығу  тегі  мен  құрылысы  жəне 

қызметі əр түрлі қыртысты жəне бозғылт заттардан құралған, пішіні бүйрекке 

ұқсаған,  сопақша  келген  қоңыр-қызғылт  түсті  жұп  без.  Бүйрекүсті  безі 

бүйректің медиальды бетінде орналасады. Без паренхимасы бір-бірінен анық 

ажырап  көрінетін  сыртқы  қыртысты  жəне  ішкі  бозғылт  заттардан  құралған. 

Эмбриондық кезенде бүйрекүсті безінің қыртысты заты шажырқай түбірінің 

екі  қапталындағы  куыстық  (целомалык)  мезодермадан,  ал  бозғылт  заты 

симпатикалық ганглийлермен бірге жүйке тарақшаларынан дамып жетіледі. 

Бүйрекүсті безі сыртынан тығыз дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. 

Оның  ішкі  беті  борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  тұрады.  Қапшықтан  без 

паренхимасының ішіне қарай қан жəне лимфа тамырларымен бірге тым жұқа 

дəнекер  ұлпалық  аралықтар  өтеді.  Қапшық  астында  майда  эпителиоциттер 

қабаты  болады.  Бұлар  қыртысты  заттың  эндокриноциттері  жетілетін 

камбиальды жасушалар. Бүйрекүсті без қапшығының астында, бездің сыртқы 

жағында ідыртысты зат, ал орталығында бозғылт зат орналасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   785   786   787   788   789   790   791   792   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет