ҚАН ТАМЫРЛАРЫ
Жануарлар организміндегі қан тамырлары қүрылысы мен атқаратын
қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар)
жəне микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді.
Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа жəне артериялар арқылы
жүректің сол қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге қаныққан артерия
қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне
көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанай-
налым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны
арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрек-шесіне өкпе веналарымен
артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм
мүшелеріне, веналар дене мүшеле-рінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан
тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары
жүйесін
вена
тамырлары
жүйесімен
байланыстырып,
организм
мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындагы жасушалык жəне ұлпалық
деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан
тамырлары. Тек, "ғажап торларда" ғана қан капиллярлары (қылтамырлар)
артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады.
Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |