183 - сурет. Микроайналым арнасы тамырларының нобаиы
1 - артериола, 2 - венула, 3 - капиллярлар торы, 4 - артериола-венулалык
жалғама.
Капиллярлар (қылтамырлар) — vasae haemocapillariae — жануарлар
организміндегі ең жіңішке де жəне сан жағынан да ең көп тараған қан
тамырлары. Капиллярлардың орташа диаметрі 4-8 мкм, ал ұзындығы 0,6-2
мм. Мүшелердің қүрылысы мен олардағы зат алмасудың сипатына
байланысты капиллярлардың арнасы түрліше болып келеді. Арнасы тар (4,5-
7 мкм) капиллярлар бұлшық еттерде, жүйкелерде, өкпеде, ал кең арналы
капиллярлар (7-11 мкм) теріде, кілегейлі қабықтарда кездеседі. Қан жасау
мүшелеріндегі, бауырдағы, кейбір ішкі секреция бездеріндегі қойнауша
(синусоидты) капиллярлардың арнасы тым кең (20-30 мкм) болады. Сүйектің
Кызыл кемігі майында, көкбауырда капиллярлар диаметрі 50 мкм-ге дейін
жетеді. Ал жыныс мүшелеріндегі үңгірқуысты кеуекті денелерде қүрылысы
капиллярларға ұқсас келген тамырлардың (лакуналар) арналары кең қуысты
болып келеді.
Организмдегі барлық капиллярлардың жалпы арнасы қолқа арнасынан
500-800 есе кең. Сондықтан, капиллярларда қан қысымы да темен болады
(сынап бағанасы 10-30 мм). Əрбір мүшелердегі капиллярлар саны, олардағы
зат алмасу процесіне тікелей байланысты. Мысалы, бақаның 1 мм шаршы
дене алаңшасында шамамен 400 -ге, жылқыда —1350 -ге, итте — 2650 -ге,
ұсақ жануарларда 4000 -га дейін капиллярлар болады екен. Олар бездерде,
жүйке жүйесінің сүр затында, өкпеде көп, ал сіңірлер мен байламдарда аз
кездеседі. Капиллярлар əр түрлі мүшелерде түрліше торлар (ілмектер,
шумақтар т.б.) жасайды. Мысалы, терідегі, буынның синовиальды
бүрлеріндегі капиллярлар ілмек, ал бүйрек денешіктерінде шумақ тəрізді
торлар түзеді. Капиллярлар ілмектерінің өзі артериолалық жəне венулалық
бөлімдерден
тұрады.
Артериолалық
бөлімнің
арнасы
эритроциттер
диаметріне сəйкес келеді, ал венулалық бөлімнің арнасы кеңдеу болады.
Мүшелердегі капиллярлардың саны, олардың қызметіне тікелей байланысты.
Мысалы, бұлшық еттердің Імм
2
ауданшасында 1400-2000, ал теріде 40
капиллярлар болады екен. Организмнің қалыпты жагдайында мүшелердегі
капиллярдың жартысына жуығы тікелей қызметке араласпайды. Олардың
376
арналары тар болып, одан қан жасушалары өте алмайды, тек қан сұйыгы ғана
ағып жатады. Мүшелердің кызметі күшейген сайын, капиллярлар арналары
ашылып, іске қосыла бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |