Жинағыш венулалардың арналары кеңдеу (30-50 мкм) келеді.
Олардың ортаңғы қабығы — медиа жекеленген миоциттерден тұрады.
Арналарының диаметрі 5-100 мкм етті венулалардың ортаңғы қабығы
1-2 қабат бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен құралған. Сыртқы
қабығы жақсы жетілген. Венулалар арқылы қан төменгі қысыммен (10 мм
сынап бағ.) баяу (1 — 2 мм/сек.) ағады.
Артериола-венулалық
анастомоздар
(жалғамалар)
—
артериолалардың
капиллярларға
дейінгі
венулалармен
байланысы.
Жалғамалар организмнің барлық мүшелерінде кездеседі. Аталған жалғамалар
мүшелердің қызметі деңгейіне байланысты керекті қанның мөлшерін реттеп
отырады. Егер мүшелердің қызметі күшейсе, онда артериола-венулалық
жалғамалар арналары қысылып, қан капиллярларға, ал олардың қызметі
төмендесе, керісінше, арналары ашылып, қан артериолалардан венулаларға
өтеді. Жалға-малар қабырғаларының құрылысы артериолалар мен венулалар
қабырғаларының құрылысына ұқсас, яғни үш қабықтан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |