ИЫҚ-БАС БАҒАНЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Иық-бас бағаны (плечеголовной ствол) — truncus brachicephalicus — і
жоғарыда баяндалғандай жеке артерия бағаны ретінде қолқа доғасынан
жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда ғана ажырайды. Иық-бас
бағанынан алдымен сол бүғанаасты артериясы (a. subclavia sinistra) дененің
сол жақ бөлігіне қарай ажырағаннан соң, иық-бас бағаны иық-бас
артериясы (a. brachicephalica) — деп аталады. Ал шошқа мен итте иық-бас
бағаны болмайды. Бұл жануарларда қолқа доғасынан алдымен сол
бүғанаасты артериясы, содан кейін иық-бас артериясы жеке дара бөлініп
ажырайды.
Итте оң жəне сол жалпы ұйқы артериялары (аа. carotis communis
dextra et sinistra) иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқа
жануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (truncus bicaroticus) болып,
бірге басталады. Ұйқы артериясының бағаны бөлінгеннен кейін, иық-бас
артериясы дененің оң жағына қарай бұрылып, оң бұғанаасты артериясы (a.
subclavia dextra) - деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |