Морфология



Pdf көрінісі
бет822/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қүйымшақ  артериясы  —  a.  sacralis  mediana,  ал  құйрық  омыртқалар 

аумағында  орталық  құйрық  артериясы  —  a.  caudalis  mediana  —  деп 

аталады. 

Үлкен  қанайналым  шеңберіндегі  артериялық  тамырлар  жүйесі  — 

қолқаның тармақтары.  

 

ҚОЛКА ДОҒАСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ 



 

Қолқа  доғасы  (дуга  аорты)  —  arcus  aortae  —  бас,  мойын,  көкірек 

керегесі  қабырғасының  алдыңғы  бөлігі  мен  алдыңғы  аяқтарды  артерия 

қанымен  қамтамасыз  етеді.  Қолқа  жүректің  сол  қарыншасынан  шыққан 

бойда, оның арнасы кеңейіп басталады. Қолқаның кеңейіп басталған бөлігін 



қолқа  баданасы  —  bulbus  aortae  —  деп  атайды.Қолқа  баданасының 

қабырғасы  мен  оның  ішкі  бетіндегі  қолқаның  үш  айшықты  қақпақшалары 

бірігіп,  қолқа  қойнауын  (синусын)  sinus  aortae  —  жасайды.  Қолқа 

қойнауынан  жүректің  өз  қабырғасын  қоректендіретін  оң  жəне  сол  тəждік 

артерияларының  —  аа.  coronaria  dextra  et  sinistra  —  арналары  басталады. 

Қолқаның  қолқа  қойнауынан  өкпе  артериясының  бағанымен  катар,  омыртқа 

бағанына  қарай  көтерілген  бөлігін  қолқа  өрлемесі  —  aorta  ascendens  — 

дейді.  Қолқа  өрлемесі  өкпе  артериясының  бағанымен  артериялық  байлам 

(ligamentum  arteriosum)  арқылы  байланысып,  жүрекқап  қуысында  жатады. 

Жүрекқаптан шыққан бойда қолқа доғасынан дененің бас, мойын мен көкірек 

керегесі  қабырғасының  төменгі  бөлігін  мен  алдыңғы  аяқтарды  артерия 



385 

 

қанымен қамтамасыз ететін, жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда иық-



бас артерия бағаны, ал шошқа мен итте сол бұғанаасты артериясы мен иық-

бас артериялары жеке дара бөлінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет