Кабырға-мойын бағаны (truncus costo-cervicalis) алдыңғы қабырға
аралық
артерия
мен
дорсальды
жауырын
артериясы
ажырайтын
магистральды артерияның негізін құрайды. Қабырға-мойын бағаны жылқыда
бүғанаасты артериядан бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын
жануарлар мен шошқада терең мойын жəне омыртқалық артериялармен
бірге, ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады.
2. Терең мойын артериясы (глубокая шейная артерия) — а. cervicalis
profunda — бұғанаасты артериядан жеке немесе басқа артериялармен бірге
бөлініп, көкірек қуысынан бірінші қабырғадан кейін (күйіс қайтаратын
жануарларда бірінші қабырғаның алдыңғы жағымен) шығып, мойынның
дорсальды бұлшық еттерінде тарамдалады. Оның соңғы тармақтары
омыртқалық жəне шүйде артерия ларымен жалғасып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |