Ерекшеліктері. Жылқыда терең мойын артериясы сол бұғанаасты
жəне иық-бас артерияларынан дорсальды жауырын артериясынан кейін,
екінші артерия тармағы болып ажырайды. Бұл артериядан 1- дорсальды
қабырғааралық артерия ажырайды.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең мойын артериясы
бүғанаасты артериясынан қабырға-мойын бағанының құрамында бөлінеді.
Шошқада сол терең мойын артериясынан 1-дорсальды қабырғааралық
артерия ажырайды.
Итте терең мойын артериясы бүғанаасты артериясынан омыртқалық
артериядан кейін, екінші болып дорсальды жауырын артериясымен бірге
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |