62
Интерфаза өз кезегінде үш сатыдан: түзілісалды (пресинтетикалық –
G1), түзіліс (синтетикалық - S) жəне түзіліссоңы (постсинтетикалық – G2 )
сатыларынан құралады.
Интерфазаның түзілісалды сатысында жасуша көлемі жағынан ұлғайып
өседі, ДНҚ бастамалары - нуклеотидфосфокинездерді синтездеуге қажет
ферменттер, РНҚ мен белоктар алмасуының ферменттері тузіліп РНҚ мен
белоктардың синтезделу белсенділігі артады.
Интерфазаның түзіліс сатысында жасуша ядросында ДНҚ - ның жəне
гистон белоктарының синтезделу белсенділігі артып, олардың мөлшері екі
еселенеді. Нəтижесінде əр бір хромосоманың жанында жаңа хромосома
түзіліп, хромосомалардың жалпы саны да екі есе көбейеді. Бұл процесті
редупликация — дейді. ДНҚ-ға сəйкес РНҚ-нын синтезделу деңгейі де
артып, оның ең жоғары деңгейі түзіліссоңы сатысына дəл. Бұл саты 5-7
сағатқа созылады.
Достарыңызбен бөлісу: