Морфология



Pdf көрінісі
бет87/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Профазада  ядрошық,  кішірейіп,  көрінбей  кетеді.  Кариолемма  еріп, 

хромосомалар  ширатылып  айқын  көріне  бастайды.  Əр  бір  хромосома  бір-

біріне  узынынан  жанаса  орналасқан  екі  жіпшеден  —  хроматидтерден 

туратындығы  байқалады.  Центриольдер  жұптары  бір-бірінен  ажырап, 

қарама-қарсы  жасуша  полюстеріне  қарай  жылжи  бастайды  да,  олардың 

аралығында  ахроматин  (солғын  боялған)  уршығы  жіпшелерінің  түзілу 

процесі жүреді. 

Метафазада  аналық  хромосомалар  толық  ширатылып  жуандап,  доға 

тəрізді  иіліп,  ұзынынан  жарылған  екі  хроматидтен,  яғни  екі  жас 

хромосомадан 

тұрады. 


Олар 

жасушаның 

орталық 

жазыктығына 

(экваторында)  жиналып,  пішіні  жұлдызға  ұқсас  тақташаны  ("аналық 

жұлдыз")  түзеді.  Аналық  хромосомалардағы  хроматидтер  бір-бірінен 

ұзынынан  бойлай  ажырап,  тек  центромерлері  арқылы  байланысып  тұрады. 

Центриольдер 

жұптары 

жасуша 


полюстерінде 

орналасып, 

оларды 



63 

 

байланыстыратын  ахроматин  ұршығының  жіпшелері  толық  жетіледі. 



Микротүтікшелерден 

құралған 

ахроматин 

жіпшелерінің 

бір 

бөлігі 


жасушаның  қарама-қарсы  полюстеріндегі  центросома  центриольдерін  бір-

бірімен,  ал  екінші  бөлігі  центриольдерді  аналық  хромосомалардағы  екі  жас 

хроматидтердің  (хромасомалардың)  центромерлерімен  байланыстырып 

тұрады. 


Анафазада 

екі 


жас 

хромосомаларды 

байланыстырып 

тұрған 


центромерлер  ыдырайды  да,  хромосомаларды  центриольдермен  байланыс-

тырып тұрған ахроматин жіпшелері қарама-карсы полюстерге қарай тартып, 

екі  еселенген  гомологиялық  хромосомаларды  бір-бірінен  ажыратып, 

жасушаның қарама-қарсы полюстеріне жақындатады. 



Телофазада  жасушаның  қарама-қарсы  екі  жақ  полюстеріне  ажыраған 

хромосомалардан  екі  жас  ядро  түзіліп,  жасуша  цитоплазмасы  созылып  екіге 

бөлінеді. Бұл процесті цитотомия — деп атайды. 

Митоздың  маңызы  —  екі  еселенген  хромосомалардың  (тұқым 

қуалаушылық  қасиеттерді  анықтайтын  материал  —  ДНҚ)  екі  жас  жасушаға 

тең мөлшерде бөлінуі. 



Эдомитоз  —  түрлі  себептерге  байланысты  жасушалардың    бөлінуі 

бұзылады.  Нəтижесінде  аналық  жасуша  жекеленген  жас  жасушаларға 

бөлінбейді  де,  жасуша  ядросындағы  ДНҚ-ның  мөлшері  бірнеше  есеге 

көбейеді.  Бұндай  жасушаларды  полиплоидты  жасушалар  —  деп  атайды. 

Эндомитоз 

жануарлар 

организмінде 

бауыр 


гепатоциттерінде, 

қуық 


эпителиоциттерінде, сілекей бездері гландулоциттерінде кездеседі. 

Амитоз  (грек,  а  —  жоқ)  —  цитоплазма  мен  ядрода  морфологиялық 

өзгерістер  болмайтын  жасуша  бөлінуінің  түрі.  Амитоз  кезінде  жасуша 

ядросында хромосомалар көрінбейді. Алдымен ядрошыктың 

пішіні мен саны өзгеріп, ядрошықтардың санына сəйкес ядро бірнешеге 

бөлінеді.  Одан соң, ядро  санына байланысты  жасуша  да бірнешеге  бөлінеді. 

Жануарлар  организмінде  амитоздың  үш  түрі  кездеседі.  Олар:  генеративті, 

реактивті, дегенеративті амитоздар.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет