1) краниальды көмекей артериясы (a. laryngea cranialis) ажырап, өз
кезегінде жұтқыншақ жəне көмекей тармақтарын (rr. pharyngeus et laryngeus)
бөледі. Олар аталған мүшелерді артерия қанымен қамтамасыз етеді.
2) өрлеме жұтқыншақ артериясы (a. pharyngea ascendens) жұмсақ
таңдай мен жұтқыншаққа артерия тармақтарын (rr. palatini et pharyngei)
бөледі. Сонымен қатар, шүйде артериясынан бөлінетін ми қабығының
каудальды артериясынан өз кезегінде ортаңғы құлақтың дабыл куысын
тамырландыратын каудальды дабыл артериясы (a. thympanica caudalis)
ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |